Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда ер адам тұрғын үй кіреберісіндегі шыршаны әдейілеп өртеп жіберген (видео)

Фото: Видеодан скрин

Теміртауда ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі шыршаны өртеп жіберген. Полиция күдіктіні бірден қолға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның шыршаға әдейілеп жақындап, өрт қойғанын көруге болады. Мәліметке сәйкес, өрт жедел түрде сөндірілген, зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. 

“Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде жаңажылдық безендірулерді әдейі бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды”, – делінген хабарламада. 


Алматыда көпқабатты үйдің кіреберісін өз қаражатына жөндемек болған азаматқа айыппұл салынды


Көпқабатты үйдің кіреберісіне балалар арбасы мен велосипед қойғандар 110 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды


Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының осы үйдің 33 жастағы тұрғыны екенін анықтады. 

“Қазір  оған қатысты “Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру” бабы бойынша әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде жігітті үйге кіреберіс есіктен тоқ соғып, жансақтау бөліміне түскені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 03 Қаңтар, 2026 11:49