Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда ер адам ауладағы күшіктерді қатыгездікпен өлтірген (видео)

Фото: Видеодан скрин

Желіде ер адамның өлі күшікті сүйреп бара жатқан сәті бейнеленген видео таралып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоны түсіргендердің айтуынша, бұл азамат ауладағы мысықтарды, күшіктерді өлтірген. Қазіргі таңда тірі қалғаны бір күшік пен оның енесі ғана. "Верный друг" жануарларға көмек қоры бұл оқиғаға барынша жария етіп, ер адамды қылмыстық жауапқа тартуды сұрайды. Қордың айтуынша, бұл адам тоқтамайды.

"Бүгін оны қорқытып жібердік, бірақ ол қайта келіп, қолға алған ісін аяқтайды. Күндізгі уақытта ақыл-есі дұрыс емес, суық қаруы бар адам жануарларды қырып жатыр! Ертең оның келесі құрбандары оған ұнамайтын адамдар немесе шулаған балалар болуы мүмкін!" – дейді автор.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл жағдайға жауап берді. Олардың хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласының 68 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталған. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған дерек бойынша жануарларға қатыгездік көрсету белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері "заң мен тәртіп" қағидаты аясында жануарларға қатысты құқық бұзушылықтар да қатаң түрде тоқтатылатынын баса айтты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтынын жеткізді.


Шымкенттегі аулау орнынан құтқарылған екі ит АҚШ-та жаңа иелерін тапты


Ер адам иті үргені үшін көршілеріне ай сайын 106 мың теңге өтемақы төлейтін болды


Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында белгісіз біреу үйдің ауласына күшікті тірідей көміп тастағанын жаздық. Оқиға Лисаковск қаласына жақын орналасқан Октябрьское ауылында болған. Жергілікті тұрғындар балконның астынан тірідей көмілген күшікті тауып алған. Суреттен күшіктің құлағында сырғасы бар анық көрінеді, бұл күшіктің вакцина салдырғанын және арнайы реестрге тіркелгенін білдіреді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 11:17
Талқылау