Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда екі жасар қызын өлтірген ер адам 20 жылға сотталды

Ер адам қызын қолымен ұрып, аяғымен тепкілеп, артынша тұншықтырып өлтірген.

Бұл туралы Stan.kz Қарағанды облыстық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Туған қызын жауыздықпен өлтірген ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

“31.10.2017 жылғы сот қаулысына сәйкес, азамат Каменов 2-бөлім 99-бап бойынша (Кәмелеттік жасқа толмаған, өзін қорғай алмайтын адамды өлтіру) кінәлі деп табылды. ҚР қылмыстық кодекске сәйкес, ол осы қылмысы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мерзімнің 5 жылын толық қауіпсіз мекемеде өткізеді”, – дейді сот төрағасы.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 27 шілдесінде Теміртауда ер адам туған қызын азаптап өлтірген болатын. Тергеу жұмыстары барысында ер адамның сол сәтте мас болғаны анықталған.


Жіберіп алмаңыз:

Оралда студент қыз жатақханада асылып қалған

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды

Шымкенттік мұғалімдер тесттен төмен балл жинап ұятқа қалды

Талқылау