Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда 48 жастағы әйел 13-сәбиін дүниеге әкелді

Теміртауда 48 жастағы әйел 13-ші сәбін дүниеге әкелді Фото: Видеодан скрин

Теміртау қаласының тұрғыны №1 Перинаталдық орталықтағы облыстық клиникалық ауруханада 13-баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көпбалалы ана 2 наурыз күні ұлды болды. Жаңа туған нәрестенің салмағы – 3650 грамм, бойы – 54 сантиметр. Босану табиғи жолмен және ешқандай асқынусыз өтті. Бұл сәбиі көпбалалы ананың тоғызыншы ұлы. Отбасының тұңғышы 25 жаста.

Әйелдің айтуынша, өзі де көпбалалы отбасында өскендіктен, әулеттің үлкен болуы оған таңсық емес.

“Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім, сондықтан бұл мен үшін таңсық дүние емес. Жолдасым жалғыз бала болып өскен, бірақ уақыт өте келе үлкен отбасыға үйренді. Сәбиіміздің дүниеге келгеніне ерекше қуанып отырмыз. Баланың аман-есен дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлерге алғысымды білдіремін”, – деді ол.

Айым Болатқызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 08:24