Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда 2 жасар баланы ұрлап кеткен күтушіге қатысты сот үкімі шықты

Екі жасар қызды ұрлап әкеткен Теміртау тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170630102119

Сот шешіміне сәйкес, 22 жастағы бала күтушісі”Адам ұрлау” бабы бойынша кінәлі деп танылды.

«Сотталушы жеті жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орта  дәрежелі қауіпсіздік мекемесінде өтейді», – деп хабарлады Теміртау мемлекеттік соты кеңсесі.

Айыпталушы баланың анасынан бірнеше рет кешірім сұрады. Алайда, қыздың анасы оны кешіруден бас тартты.

Сотталушы сот залында қыздың анасынан бірнеше рет кешірім сұрағанымен, әйел онымен бітімге келуден бас тартты. Еске сала кетейік, 26 наурыз күні бала күтуші әйел өзі қарап жүрген 2 жастағы қызды ұрлап кеткен болатын.

Тағы да оқыңыз:

 

 

Талқылау