Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың қолтаңбасы қойылған доп аукционда 12 миллион теңгеге сатылды

Фото:”Қайрат” фк

Алматылық “Қайрат” футбол клубының жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбековтың қолы қойылған доп аукционға қойылды. Нәтижісенде доп 12 миллион теңгеге сатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, Темірланның қолтаңбасы бар допты “Асар-Уме” қайырымдылық қоры аукционға қойған.

Допты бір кәсіпкер 12 миллион теңгеге сатып алған. Түскен қаржыға жағдайы төмен бір отбасыға баспана сыйға берілді.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде жарқын өнерімен көзге түсті. Ол “Қайраттың” негізгі қақпашысы Александар Заруцкий жарақат алғаннан кейін оның орнына шықты. “Қайрат” пен “Селтик” арасындағы шешуші ойында Темірлан пенальти сериясында допты сәтті қайтарып, алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына зор үлес қосты.

Сонымен қатар, ол “Пафос” және атақты “Интер” клубтарына қарсы ойындарда да қақпаны сенімді қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Авторы:Ақерке Өмірхан

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 15:14
Талқылау