Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қазақстандық оқушылармен кездесті

 Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қазақстандың оқушылармен кездесті

Фото: Әлеуметтік желіден

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы әрі танымал кәсіпкер Павел Дуров Қазақстандық оқушылармен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павел Дуров ауылдық жерден келген 500 оқушымен кездескен. Кездесу барысында ол бірнеше сағат бойы оқушылармен еркін әңгімелесіп, мектеп өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Дуров жасөспірімдерге алғашқы бағдарламалау тәжірибесі, жасанды интеллекттің болашағы және биотехнологиялардың әлемдік даму бағытындағы рөлі туралы ойларын жеткізді.


Францияда қамауға алынған Павел Дуров тергеу шараларынан кейін Дубайға оралды


Оқушылар кәсіпкерге өз жетістіктерін таныстырды. Олимпиадалардағы жеңістері, экологиялық және IT-жобалары туралы баяндады. Бір оқушы Telegram платформасында өзінің жасаған боты жайында айтып берді.

Айта кетейік, Павел Дуров өткен жылы қазақстандық ауыл жастарын қолдау үшін 350 мың доллардан астам қаржы бөліп, 12 дарынды оқушының білім алуына мүмкіндік жасаған болатын.

Еске салсақ, Павел Дуров 17 миллиард долларлық мұрасын 100-ден астам баласына қалдыратынын жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 18:27
Талқылау