Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Telegram мессенджері тағы да істен шықты

Telegram әлеуметтік желісінің жұмысында ақау пайда болып, істемей қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Downdetector сайтының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 16:00 шамасында Telegram әлеуметтік желісі жаппай істен шықты.

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде жіберген хабарламалары діттеген жерге жетпей жатқанын және ақпараттың баяу жүктелгенін айтып, шағымданды. 

Интернет-ресурстардың жұмысындағы ақауларды бақылайтын downdetector сайты Telegram желісін пайдаланушылардың шағымдарын тіркеді.



Бұған дейін қазақстандықтарды суицидке итермелеген Telegram-арна анықталғаны туралы жазған едік.

Талқылау