Telegram енді видеоплатформаға айналады
Павел Дуров мессенджерді видеоплатформаға айналдыруға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Telegram-да жарияланған жазбасында кәсіпкер қазір видеолардың ұзақ жүктелетіні көпке ыңғайсыздық туғызатынын айтты.
- "Жәбірленушілердің көбі кәмелет жасына толмағандар": Оңтүстік Корея халқы Telegram-дағы порнографиялық дипфейктерге қарсы наразылыққа шықты
Енді жаңартудан кейін Telegram серверлері видеоларды автоматты түрде қысып, түрлі сападағысын таңдауға мүмкіндік береді. Интернет жылдамдығына байланысты ең қолайлы видео сапасын автоматты түрде таңдайды.
Дуров Telegram-ның жаңартуында тағы да өзгешеліктер болатынын түсіндірді.
Еске салсақ, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"