Телефонын уақытылы жаңаламаған ер адам құтқарушыларға қоңырау шала алмай көз жұмды
Фото: freepik.com
Австралияда Samsung смартфонының иесі телефонындағы ақауға байланысты жедел қызметтерге қоңырау шала алмай, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 13 қарашада Австралияның Сидней қаласында болған. Марқұмға шұғыл медициналық көмек қажет болған, бірақ ол жедел қызметтерге қоңырау шала алмапты. Кейін зардап шеккен адам табылды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.
Кейінірек марқұм қолданған TPG операторы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, уақытылы жаңартылмаған көптеген Samsung смартфондары Австралиядағы "000” – жедел қызметтер нөміріне қоңырау шала алмайтынын хабарлады. Компанияның мәліметінше, мұндай телефондар 000 нөмірін тергенде 3G режиміне ауысады. Алайда, аймақта 3G желісі өшірілгендіктен, кейбір нөмірлер ешқайда қоңырау шала алмайды.
Алматыда жасөспірім қалтасындағы пауэрбанк жарылып, ауыр күйік алды
Ал Samsung корпорациясы Android Authority басылымына берген мәлімдемесінде смартфондардың бағдарламалық жасақтамасын уақытында жаңартып отыруды қатаң ескертті.
"Бұл қауіпсіздік, сенімділік және өнімділік бойынша ең жоғары стандарттарды сақтау үшін өте маңызды", – делінген компания мәлімдемесінде.
Еске салсақ, бұған дейін ер адам Samsung смарт сақинасының кесірінен саусағынан айырылып қала жаздағаны туралы жазған едік.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады