Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Телефонымның әйнегін сындырды": Трансгендер Амилайдың жігіттермен жаға ұстасып қалған видеосы тарады

Трансгендер Амилай біраз жігіттермен төбелесіп, біреуін құлатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Желі жұлдызы Алматыдағы көшелердің бірінде бірнеше жігітпен төбелесіп қалды.

Видеоларды оқиғаның куәгерлері түсіріп алған. Кадрда Амилай жігіттердің бірін теуіп жіберді. 

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнежазбаны талқылаған қазақстандықтар блогердің сыртқы келбетін сөз етті. Одан кейін төбелескен жігіттердің де әрекетін сынады. 

Instagram парақшасында Stories-те трансгендер телефонының бұзылғанын хабарлады.

“Айфон 16 бар болғасын уайымдамай отырмын. Телефонымның әйнегін сындырды. 250 мың теңгеге жөндеп береді екен”, – деді блогер. 



Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын айтты. 

"Құқық бұзушылықтың мән-жайы мен орны анықталып жатыр. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – делінген ресми мәліметте. 

Еске салайық, "Әлеуметтік мәртебесі ескерілмейді" деген трансгендер Амилайдың әскерге баруына қатысты қорғаныс департаменті пікір білдірген еді. 

 

Талқылау