Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефонды өшіріп, із-түзсіз кеткен: Атырауда 24 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Жоғалып кеткен ЖасұланФото: Атырау облысы полиция департаменті / Жасұлан Үмбетов

Атырауда 24 жастағы Жасұлан Үмбетов 26 шілдеден бері іздестіріп жатыр. Жақындарының айтуынша, ол үйден шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Інісі Аслан Үмбетовтің сөзінше, Жасұлан үйден шығар алдында телефонын тастап, ондағы барлық деректерді өшіріп кеткен.

Бейнебақылау камералары оны соңғы рет Алмагүл ықшамауданы маңында тіркеген. Содан бері еш жерде көрінбеген.

"Полицияға жүгіндік, барлық таныс жерді араладық, достары мен әріптестерімен сөйлестік. Ешқандай ақпарат жоқ. Полиция іздеп жатыр, бірақ нәтиже жоқ", – деді Аслан.

Жақындары жаман ойдан аулақ екенін, бірақ Жасұланды аман-есен табуға үміттерін үзбегендерін айтады. Атырау облыстық полиция департаменті 2001 жылы туған азаматтың жоғалғаны туралы өтініш 26 шілде күні сағат 21:00-де түскенін растады. Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Туыстары Жасұлан Үмбетов туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.


Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды


Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақ ұшқыштарының туыстары үндеу жариялады


Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында сайлауға дауыс беруге кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатқанын жазған едік. Еламан Ахмедия ата-анасымен Қарағандыдан 40 шақырымдай жердегі Шахан ауылында тұрады. 22 маусым күні таңертең ол өзінің сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 17:19
Талқылау
`