Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар eGov қосымшасы арқылы несие тарихын бақылай алады

Енді Қазақстанда телефондағы eGov қосымшасы арқылы азаматтардың несие тарихы қадағаланбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels.com

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы eGov мобильді қосымшасында "Несие және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық” қызметі іске қосылғанын мәлімдеді.

“Бұл қызмет "Мемлекеттік несие бюросы" АҚ мәліметтері бойынша ақпарат беретін "Несие беру" және "Сақтандыру" деген екі бөлімнен тұрады. "Несие беру" бөлімінде пайдаланушыға кейінгі бес жылдағы несие тарихы туралы есеп, белсенді несиелік міндеттемелер туралы ақпарат және скорингтік балл (пайдаланушының несиелік қабілеттілік деңгейінің көрсеткіші) ұсынылады”, – делінген хабарламада.



Деректерге сәйкес, “Сақтандыру" бөлімінен бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ бонус-малус класы туралы ақпарат табуға болады.

Бұған дейін қазақстандық банктердің онлайн несие беру кезінде SMS-пароль жіберуге міндеттелетіні туралы жазған едік.

Талқылау