Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Теледидардан табақтай болып көрінесің": Мақпал Жүнісованың сахнадағы әзілі елді күлдірді

ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың концертінде айтқан әзілі көрерменді күлкіге қарық қылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Өнер иесі көктем мерекесі қарсаңында халыққа есеп беру концертін өткізді.

“Мына теледидарға түсіріп тұрған жігіттер, мені табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңдер! Алматыдағы Көк базарға жиі барам ғой, ол жердегілердің бәрі – менің достарым. Солар "Туу, Мәке, қандай әдемі келіншексіз? Теледидарда жардай боп, семіріп тұрасыз" деп айтып отырады. Баяғыда Зәкең де "Менің қатыным "нормальный" сияқты еді, теледидардан көрсем, танымай қалам" деп айтушы еді. Сондықтан құрметті концертті түсіріп тұрған жігіттер, мені бір сағатқа болса да өз қатындарыңыздай жақсы көріп, әдемілеп түсіріңіздер", – деп күлді өнер иесі. 



Желі қолданушылары әншінің әзіліне күліп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Дұрыс айтасыз, экраннан толық болып көрінесіз”, “Концертті залда отырып көрдік, өте керемет өтті”, “Мақпал апай қатырды”, “Өмірде жіңішке, кішкентай әйел екенсіз”, “Сіз әдемісіз, теледидар көре алмайды сұлулығыңызды” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, әншінің алаяқтарға алданып қалғанын жазған едік. 
 

Талқылау