Tele2/Altel Екібастұздағы қолданушыларына қолдау білдірді
Ұялы байланыс операторы төтенше жағдай жарияланған Екібастұз қаласының тұрғындарын тегін ресурстармен қамтамасыз етті.

17 мың тұрғын қазақстандық операторлардың ұялы нөмірлеріне 45 минут пен 45 SMS, сондай-ақ 8 ГБ интернет-трафик алады. Пакет 2022 жылдың 28 қарашасынан бастап 30 күн бойы жарамды болады. Теңгерімді қолайлы командалар арқылы тексеруге болады: *123*1*3# - Tele2, *807# - Altel.
Еске салайық, Екібастұзда 27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-ның бірнеше қазандық агрегаты бірден тоқтап қалған еді. Салдарынан 130 көпқабатты үй жылусыз қалған. Қала билігі өңірде төтенше жағдай жариялады. Түрлі ақпараттарға сүйенсек Екібастұзда балабақшалар жұмыс істемейді, ал мектеп оқушылары уақытша қашықтықтан оқу форматына көшірілген.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"