Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аудиторлық тексерістен кейін ұсталды: Әлихан Смайылов экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Жоғарғы аудитортлық палатаның (ЖҚА) басшысы Әлихан Смайылов бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың аудиторлық тексерістен кейін ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:instagram.com/marat_beketayev_official/facebook.com/aasmailov 

Әлихан Смайылов сенат отырысы кезінде бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты сұраққа жауап берді.

“Жоғарғы аудитортлық палата 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Әділет министрлігінде және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жеке бюджеттік бағдарламаларға қатысты республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуы бойынша аудиторлық тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді. Сондай-ақ осыған қатысты бірнеше тұлға ұсталды”, – деді Әлихан Смайылов.



Жоғарғы аудитортлық палатаның басшысы экс-министрдің не себепті ұсталғанынан бейхабар екенін жеткізді.

“Бекетаевтың ұсталуына не себеп болғанын білмеймін. Бірақ біз тексеру жүргізілгені және тексеру нәтижелерін агенттіктің тәркілегені – факт”, – деді палата басшысы.

Бұған дейін мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 11 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған еді.

Талқылау