"Тек ошақ иесі емес". Turar қазақ қыздарына арнап бейнебаян түсірді
Сахнаға жаңа серпінмен оралған Тұрар Ыдырыс тыңдармандарына жаңа бейнебаянының тизерін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/turar__ydyrys
Әнші әннің тақырыбы мен клиптің шығынына тоқталды.
“20 миллион теңге. Бұл клиптің құны. Мен осы бейнебаян үшін көп нәрседен бас тарттым. Бірақ мен мұндай тақырыптар көтерілу керек деп ойлаймын”, – деп жазды ол.
“Мұңды өлең” деп аталатын әннің бейнебаяны бірер күнде тыңдарманға жол тартады. Тұрар өзінің Instagram-дағы парақшасында су жаңа туындысына арнап жазба жариялады.
“БҰҰ-ның зеріттеуі бойынша Қазақстанда жылына 400-ден астам қыз-келіншек тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады екен. Қанша тағдыр ойран болды?! Балалар жетім қалды. Әрбір шетелге шығып келген сайын біздің қазақ қыздарының қадірін түсініп, әлемдегі ең сұлу, ақылды, дана екеніне көзім жетеді. Біздің қазақ қыздары тек қана ошақ иесі емес. Ел басына іс түскенде қолына қару алып, елі мен жерін қорғай білген нағыз батыр болған. Бұл қазақ қыз-келіншектеріне құрметімізден шыққан дүние”, – деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрардың шығармашылығын жаңадан бастағаны туралы жазған болатын.