ЦентрКредит Банкі «Жалақы жобасы» атты бірегей бағдарламаны іске қосты
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Жалақы жобасы» атты жаңа өнімді іске қосқаны туралы хабарлады. Бұл өнімнің бұған дейінгі ұқсас бағдарламалардан едәуір айырмашылығы бар және оған жалақы есептеумен қатар, басқа да көптеген артықшылық кіреді.
Банк клиенттердің қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып іске асырған және жоба аясында қолданылатын ерекше талаптарды екіге бөліп көрсетуге болады: біріншісі – мекеме басшылары мен бухгалтериясына арналған, екіншісі – ұйымның қызметкерлеріне арналған.
Басшылар үшін артықшылықтар – бірінші кезекте, жобаны ресімдеу ыңғайлылығында:
- Шартқа жылдам қол қою;
- Жалақы жобасына тегін қосылу;
- Жобаға қосылу үшін ең аз құжаттар жиынтығы;
- Жобаға интернет-банкинг жүйесі арқылы онлайн режимінде қосылу мүмкіндігі;
- Картаны үш күн ішінде шығару;
- Дайын карталарды сіздің қалауыңыз бойынша мекемеге немесе ЦКБ-нің кез келген бөлімшесіне жеткізу;
- Жалақыны жылдам аудару;
- Қызметкерлердің картасына қаражатты есептеу үшін комиссия алынбайды.
Қызметкерлерге арналған талаптарда да мүмкіндіктер мол:
- Барлық артықшылығы және ХТЖ акциясына қатысу мүмкіндігі бар премиум санатындағы карталар;
- Қолма-қол ақшасыз жүргізілген сауда үшін нақты ақшамен 1% кэшбэк;
- Дүние жүзі бойынша кез келген банкоматтан 1 млн теңгеге дейін қолма-қол ақша алу;
- Тегін СМС-хабарландыру;
- Банктің көпфункционалды қосымшасы – StarBanking-ке қосылу мүмкіндігі;
- Кез келген картаға ақша аудару тегін;
- Операциялар 3-D Secure технологиясымен қорғалған.
«Бүгінгі күннің шындығы: клиентке банк қызметтері кешенін бір карта арқылы алу ыңғайлырақ әрі жылдамырақ болады. Осыған байланысты бүгін біз көптеген қосымша артықшылықтар ұсынылған жаңа өнім – «Жалақы жобасын» қуана ұсынамыз. ЦКБ сервисінің жаңа функционалы ұйым басшыларына да, қызметкерлеріне де пайдалы болады. Біз әрқашан клиенттеріміз үшін жұмыс істейміз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов.
«Жалақы жобасы» бағдарламасына қосылу жөнінде консультация алу үшін Банктің call-орталығына +7 (727) 244 30 30, 505 (ұялы телефоннан тегін) нөмірлері бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ, қосымша ақпаратты Банктің сайтынан оқи аласыздар.