Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тегін кітаптар базасы": Бас прокуратура жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті

электронды кітап

Фото: Pixabay.com

Енді Telegram арқылы тағы бір онлайн алаяқтық түрі пайда болды. Бас прокуратура қазақстандықтарға “тегін электронды кітаптар” деген жарнамаға сеніп қалмауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратураның мәліметінше, алаяқтар желі қолданушыларына тегін электронды кітаптар базасын ұсынып алдап жүр. Бот кітаптарды ұсынады, қысқаша мазмұнын көрсетеді. Дегенмен кітаптың толық нұсқасы деп файлдың орнына зиянды қосымша жіберіледі.


Астаналық алаяқ Tinder-де "Нұрай" боп танысып, жігіттен 4 миллион теңге алдап алған


Төсбелгі сатып алмақ болған қазақстандық мұғалімдер алаяққа алданып қалды


Мұндай файлдарды орнату құпия сөздер мен ақшаның ұрлануына, хабарламалар мен фотоларды және смартфонды толық басқаруға әкелуі мүмкін.

Бас прокуратура күмәнді көздерден қосымшаларды орнату қауіпті екенін ескертеді. Азаматтарға күдікті сілтемелерді баспау, лездік хабар алмасу қосымшалары арқылы бағдарламаларды жүктемеу және кибергигиенаның негізгі ережелерін сақтауға кеңес берді.

Еске салсақ, алаяқтар қазақстандықтардың WhatsApp желісіне білдірмей кіріп жатқаны айтылған еді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 17 Қаңтар, 2026 14:28