Тегеранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ апатқа ұшырады (фото, видео)
Тегеран әуежайына жақын жерге украиндық 180 жолаушысы бар ұшақ құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
WATCH: Video shows Boeing 737 with 180 people on board on fire, crashing near Tehran pic.twitter.com/7cQMLF6bkY
— BNO News (@BNONews) 8 января 2020 г.
Украиндық әуе борты "техникалық ақаулардың" себебінен апатқа ұшыраған көрінеді. Лайнер Имам Хомейни атындағы тегерандық халықаралық әуежайдың маңынан құлаған.
Оқиға орын алғандығы жайлы ақпаратты әуежай басшысы растады. Айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген соң бірнеше минуттан кейін құлапты. Апатқа ұшыраған әуе лайнері Boeing 737 екен.
Әуежайдың ұшып-қону таблосына сәйкес, әуе кемесі сағат 5:15 шамасында аспанға көтерілуң керек болған. PS 752 Тегеран — Киев рейсін орындау "Украина халықаралық авиакомпаниясына" құзырында болыпты.
Иранның авиация министрлігі алғашында 180 жолаушы болған деп айтылған ұшақта 167 адам қаза болғанын мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, 27 қараша күні Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан Bek Air-дің Fokker-100 ұшағы да әуеге көтеріліп келе жатқан кезде апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесін қосқанда 98 адам болған. Қайғылы оқиға 12 адамның өмірін қиды. Ал 28 желтоқсан мемлекет тарапынан қаралы күн деп жарияланды.
First photos emerge from site of plane crash near Tehran; there are no indications of survivors - Tasmin pic.twitter.com/LOuyhza0Yj
— BNO News (@BNONews) 8 января 2020 г.