Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда 18 жастағы келін күйеуі пәктігіне күмәнданған соң өз-өзіне қол салды

Тәжікстанның тергеу орындары Восей ауданында тұратын 18 жастағы Раджабби Хуршедтің өлімінің себебін анықтап жатыр. Ол үйлену тойынан кейін өз-өзіне қол салған.

646446

Бұл туралы Радио Озоди хабарлайды.

Қозғалған қылмыстық іске байланысты күйеу бала Зафар Пиров тергеліп жатыр. Келін Раджабби Хуршед пен Чорбог ауылында тұратын Зафар Пиров той болатын күні танысқан. Ал келіннің пәктігі туралы тақырып неке түнінде көтерілген.

Раджаббидің туыстарының айтуынша, ол тойға дейін медициналық тексеруден өтіп, денсаулығының жақсы екені туралы анықтама алған. Бұл елде жаңа ереже бойынша некеге тұрушылар денсаулықтары туралы медициналық анықтама өткізулері тиіс. ВИЧ, гепатит басқа да ауруға шалдыққандар тұрмыс құра алмайды.

гого

Зафар Пиров әйелінің пәктігіне күмәнданып, оны қайтадан тексеруге апарған. Тойға дейін арнайы анықтама әкелгеніне қарамастан, күйеу жігіттің көңілі толмапты. Ақырында 22 маусым күні Раджабби өз-өзін өлтіреді. Ол осы қадамға бару үшін түнде сірке қышқылын ішіп жіберген. Ол дереу ауруханаға жеткізілгеніне қарамастан, дәрігерлер оны құтқара алмаған.

Келіннің анасы Фазила Мирзоева оның қызын өзін өзі өлтіруге дейін жеткізген.

“Мен күйеуінің оны қайта тексеруге алып барғанын білген кезде-ақ, қызымды қайтарып алатынымды айттым. Бірақ Зафардың анасы мазасыздануға себеп жоқ деп, райымнан қайтарды”, – дейді ол. Оның айтуынша күйеуі Раджаббиге тіпті көшеге шығуға да тыйым салған көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстанда бірнеше ауыл арақтан түбегейлі бас тартты

Мұсылман қызды шошқа етімен ұрған британдық азамат түрмеге қамалды

Мәскеуде дүлей дауыл құрбандарының саны 4 адамға жетті (фото)

Қорғаушылары Трампты құлап келе жатқан шамнан құтқарып қалды

Талқылау