Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс болды

Фото: president.tj
Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында атыс болып, кем дегенде үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
24 желтоқсанда шекарада екі тәжік офицері мен ауғанстандық бірнеше қарулы адам қаза тапқанын хабарлайды. Оқиға Шамсиддин-Шахи аймағының Бахорак ауданында болды.
Тәжікстан жағында қаза тапқандардың 28 жастағы Исматулло Курбонов пен 33 жастағы Зиребон Наврузбеков екені анықталды. Ал Ауғанстаннан бірнеше адамның қаза тапқаны және бір адамның тұтқындалған.
Басылым қақтығыстың Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарада төрт жаңа шекара бекетін ашқан күні болғанын атап өтеді. Олар биік таулы жерлерде салынған және бұрын жеткілікті түрде күзетілмеген деп айтылады.
24 желтоқсанда ауған "Хашти субх" газеті ауғанстандық екі қарулы адам тәжік күштерінің жауап атысынан қаза тапқанын хабарлады.
25 желтоқсан таңертең Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті қарулы қақтығыс болғанын растады.