Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжік университеті жақсы оқитын студенттердің үйлену тойын өткізіп береді

Тәжікстан мемлекеттік коммерция университеті жақсы оқитын сутенттердің үйлену тойын өткізіп беретін болды.

83AC7B74-F508-473F-A7AD-B150FD502E37_w1023_r1_s

Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

“Олар да біздің балаларымыз. Біз олардың сабақта күйеуге шығу емес, оқу туралы ойлағанын қалаймыз. Сол себепті біз оларға той шығынын ректорат көтеретінін айттық”, – деді университет ректоры Хамидуллохон Факиров.

Ректордың бұл уәдесі студент жастардың көңілдерін шығып отыр. “Ректор сөзінде тұрса, студенттердің ешқайсысы сабақты тастап кетпейді”, – деді студент Сабрина.

Тәжік социологы Марьям Давлатова университет ректоры оның орнына студент қыздардың аспирантураға түсуіне көмектессе жақсы болар еді деп есептейді. “Соңғы уақытта елде білім алған қыздарға деген сұраныс көбейді – көптеген ата-ана келіннің дипломы болғанын қалайды”, – дейді ол.

Дүниежүзілік Банк баяндамасында Тәжікстанда тұрмысы нашар отбасылардың балалары негізінен жоғары білім ала алмайтыны айтылған. Деректерге қарағанда, жоғары оқу орындары студенттерінің 72 пайызы – ауқаттылардың балалары.

Оқи отырыңыз:

Ташкенттегі жеті тонна палау дайындау шарасы даумен аяқталды (фото, видео)

Флоридадағы төтенше жағдай аумағында 100-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін

Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорламақ болған 66 жастағы ер адам ұсталды

Ленинге пародия жасаған Галкин коммунистердің жаппай наразылығын туғызды (видео)

Талқылау