Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таза Қазақстан": Қарағанды облысында Саран жастары су қоймасы аумағын ретке келтірді

Саранда "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Жасыл ел" еңбек жасақтарының қатысуымен "Таза Ел – Таза Болашақ" жастар экологиялық акциясы өтті. Қаланың 70 тұрғыны бөгет ауданындағы су қоймасының аумағын қоқыстан тазартты. Акция Балықшылар және балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды.

“Бүгін біз су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалап жатырмыз. Мен үшін бұл жай сенбілік емес, туған қалама қамқорлық көрсету. Саран – біздің ортақ үйіміз. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті тәрбиелейді”, – дейді Саран қаласының жас тұрғыны Аяжан Орынбек.

Саранда "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқанына әр түрлі меншік нысанындағы 75 кәсіпорындар мен ұйымдары, соның ішінде оқушылар, студенттер, сондай-ақ қамқор тұрғындар – барлығы 5 мыңнан астам адам қатысты.

Саябақтар мен гүлбақтар қоқыстан тазартылды, тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтары тазартылды.

Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді – 5 мыңнан астам түрлі көшеттер егілді.

Экоакциялар одан әрі жалғасады. Оларды өткізу географиясы да кеңейтілетін болады. Қарағанды облысының әрбір бұрышы қамтылуы тиіс. Міндет – қалалар мен ауылдарды таза және өмір сүруге жайлы ету.

STAN.KZ
Жұма, 11 Шілде, 2025 11:22
Талқылау