Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыстағы соғыстан қанша адам қаза болды

иран

Фото : Iranian Red Crescent Society

Таяу Шығыстағы қақтығыстың салдарынан қанша адам қаза тапқаны туралы алғашқы деректер шыға бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  • БАӘ-де бейбіт тұрғын қаза тапты. Азиялық ер адам ирандық зымыранның сынықтарынан қаза тапты. Себебі зымыранды БАӘ қорғанысы ұстап қалған еді.
  • Иранда 40 оқушы қыз қаза тапқан. Израильдің соққысы қыздар мектебіне тиді. Сондай-ақ 48 оқушы зардап шекті.
  • Ирактағы Катаиб Хезболла базасына жасалған соққыдан екі адам мерт болды.
  • Израильде Маген Дэвид Адом қызметі 1 адам қаза болғанын айтты.
  • Катарда құрбандар жоқ. Сондай-ақ нысандарға да залал келмеді деп отыр.

Бір күн бұрын сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.  Содан кейін Израиль Иранға шабуыл жасады. АҚШ та Иранға қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді. Бұдан кейін Иран Израильге, Бахрейн, БАӘ-дегі АҚШ базасына шабуыл жасады.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 28 Ақпан, 2026 17:08