Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты ұшақ билеттерінің бағасы 15 пайызға қымбаттайды – сарапшы

Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты ұшақ билеттерінің бағасы 15%-ға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Авиация cарапшыcs, “Қызыл-Жар” әуежайының басшысы Абыл Кекілбаев әлеуметтік желіде Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі әуе тасымалының құнына қалай әсер ететіні туралы жазба жариялады.
Cарапшының айтуынша, мұнай бағасының 65 доллардан 90 долларға дейін өсуі әуе рейстерінің өзіндік құнын автоматты түрде арттырады, өйткені әуе отыны компания шығындарының 40%-ына дейін қамтиды.
“Отын бағасының бұлай өсуі әуе тасымалының жалпы өзіндік құнының шамамен 13–15%-ға өсуіне әкеледі”, – делінген жазбада.
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Иран елшісі Қазақстанға қауіп жоқ екенін айтты
Таяу Шығыстағы қақтығыс теңге мен мұнай бағасына қалай әсер етеді: Жұманғарин жауап берді
Сонымен қатар сарапшы әуе кеңістіктерінің жабылуы әуе маршруттарының ұзаруына тиісінше бұл да ұшақтардың отын тұтыну көлемінің артуына әкелетінін атап өтті.
Осы жағдайдарға байланысты әуе компаниялары шығындардың бір бөлігін операциялық тиімділікті арттыру арқылы өтеп, ұшақ билеттеріне немесе отын алымдарына қосуға мәжбүр болмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатқаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған