Таяу Шығыстағы қақтығыс: Иран елшісі Қазақстанға қауіп жоқ екенін айтты

Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар Таяу Шығыстағы әскери оқиғалар аясында Қазақстан мен Орталық Азия үшін қандай да бір қауіп байқалмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистер соғыстың Қазақстан шекарасына дейін жету ықтималдығы бар-жоғын сұраған.
“Қазақстан үшін ешқандай қауіп жоқ. Тек болашақта Иранда елеулі тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздіктер орын алса, Орталық Азия аймағына қауіп туындауы мүмкін. Ондай жағдайда Таяу Шығыстан экстремистер мен террористердің ену қаупі пайда болуы ықтимал”, – деді Джоукар.
Елші қазір мұндай қауіп-қатердің жоқ екенін атап өтті.
“Бақытымызға орай, Иранда қазіргі билік сақталып тұрған жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия үшін ешқандай қауіп жоқ”, – деді дипломат.
Сондай-ақ журналистер Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі туралы және оны қорғау үшін Иран қандай да бір шаралар қабылдап жатыр ма деген сұрақ қойды. Али Акбар Джоукардың сөзінше, Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті жағалаудағы мемлекеттер өздері қамтамасыз етуге тиіс.
Иран Ормуз бұғазында теңіз миналарын орналастырмақ
Жағдайдың мән-жайы
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.
Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған