Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 7300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан әлі де эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтарып жатыр.
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 7300-ден астам қазақстандық елге оралды.
Әуе рейстерінен бөлек, азаматтар құрлық арқылы деп елге оралып жатыр. Олар Әзербайжан, Армения және Түрікменстан шекаралары арқылы эвакуацияланып жатыр.
- Иран президенті көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдар үшін кешірім сұрады
- Әзірбайжан Ираннан өз елшілігін эвакуациялап жатыр
Аймақтағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде жұмыстарды реттеп, отандастарымызбен байланысын үзбейді.
Еске салайық, бұған дейін сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты қазақстандықтарға бірқатар елдерге барудан бас тартуды ұсынған еді. Сондай-ақ өңірде жүрген азаматтарды қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жергілікті билік нұсқауларын орындауға шақырды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік