Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таяқ жеуге намыс жібермейді": Шавкат Рахмонов спорттан қашан кететіні туралы

Әлемнің ең үздік тұжырымында өнер көрсететін Шавкат Рахмонов спорттық мансабындағы ең басты мақсаты қандай және спортты қашан тастайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жағың сынса да, сағың сынбасын бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Еліміздің ғана емес, әлемнің ең үздік спортшысы саналатын Шавкат Рахмонов (18-0) жекпе-жекке шығарда өзін қалай жігерлендіретінін және қандай жағдайда спортпен қош айтысатынын айтты. 

“Жекпе-жекке ешқашан жайдан-жай шыққан емеспін. Тіпті жеңілу туралы да ойламаймын. Әркез барымды салып, соңғы күшім сарқылғанша жұдырықтасамын. “Не бел кетеді, не белбеу кетеді”деген қағидамен төбелесемін. Жеңілмей жүргенімнің сыры да осы шығар. Егерде мінезім немесе жігерімнің жоғалып бара жатқанын байқасам бірден спортты қоямын. Шаршы алаңда кім көрінгеннен таяқ жеп жүретін адам емеспін. Таяқ жеуге намысым жібермейді”, – деді жеңілістің кермек дәмін татпаған спортшы. 



Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кейінгі жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңген еді. 

Талқылау