Басты жаңалықтар
"Тәулігіне 520 мың теңге айыппұл салынады": Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі өз азаматтарына маңызды ескерту жасады
Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі АҚШ-та депортациялау шешімімен жүрген өз азаматтарын айыппұлдар мен басқа да санкциялардан құтылу үшін елге өз еркімен оралуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Дипломатиялық өкілдік өзінің ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында қазақстандықтарға үндеу жасады.
“АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға "CBP Home" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне оралуға шақырып жатыр”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ “СBP Home" мобильді қосымшасы арқылы өз еліне қайтатын азаматтарға қандай мүмкіндік берілетіні айтылды:
- Азаматтың өзі қалаған рейспен ерікті және қауіпсіз түрде елге оралу мүмкіндігі бар;
- АҚШ-та жұмыс жасап, тапқан қаражаты азаматтың өзінде қалады;
- Құзырлы органдар тарапынан қамауға алынбайды және мәжбүрлі депортациясыз өз еліне оралады;
- Әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қаржылай субсидия алу мүмкіндігі беріледі;
- Болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта келу құқығына ие болады.
Өз еркімен еліне қайтпаған жағдайда мына шараларды қолдану жоспарланып отыр:
- Жедел түрде депортациялау. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері ешбір дайындықсыз, азаматтарды жедел түрде қамауға алады;
- Айыппұлдар мен санкциялар. Егер азамат депортация шешімі бола тұра, еліне қайтпаған болса оған тәулігіне 998 доллар (520 мың теңге) айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі. Айыппұлды төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда заңсыз жүрген шетелдіктерге тиесілі жылжымайтын және басқа да мүліктерін мемлекет меншігіне алу тәсілі қарастырылады.
- Сонымен қатар "CBP Home" арқылы қайтатынын білдіріп, еліне оралмаған азаматқа 1000-5000 доллар көлемінде қосымша айыппұл салынады;
- АҚШ-қа қайта келуге тыйым салынады. АҚШ аумағына заңды түрде қайта кіру құқығынан көші-қон жүйесі арқылы бас тарту.
Осыған орай, елшілік жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынған мүмкіндікті пайдалануға шақырды.
Талқылау

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
Мамандар мұнай қоры таусылса, экономиканы әртараптандыру керек деп санайды

"Өз аяғымен кірген бауырымның денесін 2 сағаттан соң алып шықтық": Дәрі еккеннен көз жұмған шымкенттік оқушының туыстары бауырының өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Марқұмның ағасы бауырының бұған дейін мүлдем ауырмағанын айтты