Тәуекел: Түсірілім біткен соң Азамат екеуміз жылап қоштастық
Әкеден жырақта өскендіктен, Тәуекел Мүсілімнің мінезі жұмсақ. Бұл туралы актер бірнеше рет айтқан болатын. Содан болар, ол жантебірентерлік сәттерде көз жасына ерік береді.
Актер “В поисках мамы” фильмінің түсірілімі кезінде бірнеше мәрте жылап алған. Оның бірі – фильмдегі досы әрі серігі Азаматпен қоштасар сәтте орын алған.
Бұл туралы Тәуекел zhuldyz.tv арнасына айтты, деп жазады Stan.kz.
Фильмде Азаматпен ағалы-інілі қатынаста болатын Тәуекел шынайы өмірде де оған қатты бауыр басып қалғанын айтты.
“Түсірілім барысында Азамат екеуміз бір-бірімізге қатты бауыр басып қалдық. Негізі өзімнен кейін інімнің болғанын армандайтынмын. Бір айдың ішінде Азматты інімдей көрдім. Өте тәрбиелі, әзілқой. Қай жерде жүрсек те әзілдесіп.
Шынайы сезімдер туды. Фильмде екеуміздің қоштасатын сәт өте ауыр болды. Камераның бәрін дайындап жатыр. Біз екеуміз тұрмыз. Үндемейміз, сөздерімізді білеміз. Бір-бірімізге қарамауға тырысамыз. «Мотор» дейді. Азаматтың айтатын сөзі бар. Көзімді көтерсем, Азаматтың көзі жасаурап тұр. Мен де шыдамай кеттім. Іштей «Азамат, жылама, қазір сен жыласаң мен де жылаймын», – деп айтып тұрмын. Екеуміздің де көзіміз жасаурап, сол сәтті түсірдік. «Стоп» деген кезде Азамат бұрылып, әрі қарай жүріп кетті”, – дейді Тәуекел.
Дегенмен, Тәуекел ер азамат ретінде көз жасын көрсетуден ұялатынын жеткізді.
“Қанша дегенмен ер азамат көз жасын көрсеткісі келмейді. Ер адам көп сәттерде көзіне жас алмайды, бірақ ондай кездер бар. Өзім жақын адамыммен қоштасатын кезде және анаға қатысты сәттерде шыдай алмаймын”, – дейді Тәуекел.
Жіберіп алмаңыз:
Тәуекел Мүсілім: Қазақ қыздарын шетелдіктерге беріп қойған өзіміз кінәліміз
Айдар Байжанов: Әйелді жасырған сайын бағалы болады
Желі оқырмандары Сивидің бояусыз түрін ұнатып қалды
Досы «Димаш орысша білмегендіктен қазақша сөйлейді» деп сынайтындарға жауап берді