Досы «Димаш орысша білмегендіктен қазақша сөйлейді» деп сынайтындарға жауап берді

Сенбі, 22 Сәуір , 2017 23:47

Димаштың досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрімов әншінің гонорары туралы тараған қауесетке нүкте қойды. Сондай-ақ, Алпамыс «Димаш орысша білмегендіктен тек қазақша сөйлейді» деп сынайтындарға өз жауабын берді.

Dimash 130317

31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Димаштың тойдан алатын гонорарының аспанға шарықтап кеткенін жоққа шығарды.

«Той ұйымдастырушылары, басқа да адамдар біз үшін ойлап қойыпты. Димаштың тойға шығуға уақыты да, мүмкіндігі де жоқ. Жұмыс кестесі өте тығыз… Димаштың гонорары туралы айтып жатқан адамдарды түсінбейміз және бұл сұрақтарға жауап бере алмаймыз. Себебі өзіміз білмейміз, өзіміз ойланған жоқпыз», – деген Алпамыс Шәрімов Димаштың алдағы уақытта тойға шықпайтынын айтты. Себебі оның алдағы жұмыс кестесі бір жылға жоспарланып қойыпты.

Бұдан өзге, Алпамыс Димашты тек ана тілінде сөйлегені үшін сынағандарға жауап берді.

«Димаш – Қазақстанда дүниеге келген қазақ ұлтының баласы. Ол өз елінің тілін, мәртебесін, туын биікке көтеремін деген ұл болмаса қазақ тілінде ән айтпас еді, 100 пайыз қазақ тілінде сұхбат бермес еді. Кей жерлерде «Димаш басқа тілді білмегендіктен тек қазақ тілінде сөйлейді» деп жазып жатыр екен. Олай емес. Димаштың орысшасы өте керемет. Ағылшын тілінде 100 пайыз жақсы сөйлейді дей алмаймын, бірақ өз ойын жеткізе алады және түсінеді. Бірақ Димаштың қазақ тілінде сөйлеуі, қазақтың киімімен шығып, Құрманғазының «Адай» күйін орындауы, «Дайдидауды» орындауы, жүрген жерінде барлық фанаттарына қазақ тілін үйретуі, «Абай жолын», қазақ ақындарының өлеңдерінің насихаттауы – қазақ ұлтының сүйетінінің белгісі. Осыны көріп тұрып, сұрақ қоятын адам болса, онда ол кісінің өзінен сұрау керек шығар», – деп түсіндірді Алпамыс.

Досы Димаштың алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Ол, әрине, әрі қарай да әлемге қазақ әнін паш етуге дайын. Еуропаға, АҚШ-қа көптеген шақыртулар түсіп жатыр. Майкл Джексон Америкада дүниеге келсе де, ол әлем үшін жаралған музыкант. Ол Америкада туылған деп ешкім айтпайды. Өзім ойлаймын, әрине, Димаш – қазақ әншісі, ол қазақша сөйлейді, қазақша ән айтады, бірақ ол әлем әншісі. Оны қызғанатын болсаңыздар, басқа планеталардан қызғаныңыздар. Жерге келген Димаштың миссиясы бар сияқты. Ол миссиясы – әлемді музыкасымен тербеу, әлемге музыкасын таныту. Сіздер Димаштың музыкасының 20-30 пайызын тыңдадыңыздар. Бірақ оның әлі айтатыны бар», – деп түйіндеді Алпамыс.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың жаңа әнін тыңдаған көрермендер еріксіз жылап жіберді (видео)

Димашқа небәрі 3 миллион халқы бар Босния-Герцеговинадан хат келген

Димаштың әні Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды

Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

16
Комментариев
  • Anonymous says:

    Димаш əр сұраққа қазақша жауап беру арқылы қазақстанның ана тілін танытып жатыр. Димашқа Ақ жол,Сәттілік

  • Anonymous says:

    Димаш ол керемет даусымен қазақтың атағын паш еткен бала. Содан басқа біздің халыққа не керек екен. Жарайсың, Димаш[email protected]

  • Anonymous says:

    Шетелге барып, əсіресе шетелдегі қандастарымыздың алдында орысша сөйлеу ұят қылық. Оның үстіне шетелдегі қандастарымыздың жүрегіне мұң ұялатады. Оны естіп те, көріп те жүрмін. Орысша сөйлейтін қазақ 《ағалары》Димаштан үлі алса, керемет болар еді.

  • Anonymous says:

    Димаш сол кезде орысша сойлесе бул не орысша сойлейди неге ана тилинде сойлемейди деп сынга алар единдер.ол казак сондыктанда ол казакша сойлеп баскаларга улги деп ойлайм.мысалы бизге келип егор крид концерт берсе биз айтпаймызго бул неге казакша сойлемейди деп сол сиакты емес па.негизи адамдарга жакпайсын.тек казакша сойледи деп мактанудын орнына

  • Anonymous says:

    Коре алмасандар туз жаландар жатып алып, Оздериннин колдарыннан келмеди ме тыныш журиндер!!!!!

  • Anonymous says:

    Бос сандырак соз, Актобенин баласы орысша билмеуи мумкин емес.

  • Anonymous says:

    Қазаққа орыс тілінде сұхбат беріп қажеті жоқ. Орыс тілін білсе де орысша сөйлемеу керек. тілмаш арқылы сөйлеу керек. Әр халық өзінің тілін бәріненде жоғары қою керек. Орысқа жалтақтай беріп қайтеміз.

  • Anonymous says:

    Қазаққа орысша сөйлеп не керек. Орыс тілі енді қазаққа қажеті де жоқ қой. Орыс тілінен қашып латын әрпіне көшкелі отырмыз . Орысша емес ағылшынша үйренуіміз керек.

  • Anonymous says:

    Димаш не ушин орысша жауап беруи керек ол казак орысша дегенди коятын уакыт жетти гой кез келген шет ел аншиси оз тилдеринде жауап берип ур

  • Anonymous says:

    Димаштың орыс тілінде берген сұхпаттары толып тұр дұрыстап қараңдар….

    • Anonymous says:

      Орысша сөйлегендері бар болар , орыстың каналына берген сұхбатында,осылай іріткі салмаңдар! Нұрпейісов, Баян дегендер журген жоқ па бір ауыз қазақша сөйлемей. Бір түйір қазақты дәріптеп журген балада не шаруаларың бар.

      • Anonymous says:

        Қытай тілінде сөйлеген Димашқа орыс тілі не тұрады. Димаш қазақ тілінде сөйледі деген қазақтың өзін сынға алу қажет

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар