Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім әкесінің қылмыс әлеміндегі “белді” тұлға болғанын мойындады

Ата-анасы Тәуекелдің бала күнінде ажырасып кеткен. Бұл туралы тележұлдыз талай рет жасырмай айтты. Тіпті, әке тәрбиесін көрмегендіктен, өз мінезінің жұмсақ болып қалыптасқанын айтып өкінді. Әкесімен бірге аз ғана уақыт өткізсе де, Тәуекел оны үлгі тұтады.

tauekel_160217

Тәуекел Мүсілім el.kz басылымына сұхбат беріп, алғаш рет әкесінің қылмыс әлемінің белді тұлғасы болғанын мойындады.

– Қылмыс әлемінің сөзімен айтқанда «вор в законе» етіп тағайындалған, 90-жылдары криминалдық «авторитет» болып танылған Сабыр Мүсілім сіздің әкеңіз екені рас па?

– Иә, әкем батыр адам еді… Ол кісімен кездескен сайын ұлттық намыс туралы айтатын. Кейде өзге ұлттың өкілдері қазақ қыздарымен көңілдес болып, қоғамдық орындарда даяшыларды басынып, дауыс көтеріп жатқанын көресің. Біздің әкелеріміздің кезінде мұндай тәртіпсіздік болмайтын еді. Неге өз елімізде өзіміз өгей бала болып, көше сыпырып, қара жұмыс істейміз? Неге өзге ұлт келіп ойына келгенін жасайды? Қонақ әрқашан өз орнын білуі керек. Қазақ жері аспаннан түскен жоқ. Қазақтың қанымен, жанымен келген жер. Қазақтың жанын ешкім түсінбейді. АҚШ-та бір ай болғанымда туған елімді сағындым. Шер тарқатысатын туған бауырың, туған жерің керек екенін түсіндім. Қазір батырсымақ жігіттер көп. Оларға «қазақты ұрып жық» деп ақша берсең, ұрудан тайынбайды. Әкем мен достары билікке қарсы шыққан жоқ, биліктің кей көзқарасына келіспеді. Олар елді тонамады, елге қамқоршы болғысы келді. Мұндай азаматтар әр заманда керек. Ұлтаралық тәртіпті ұстап тұрған сол кісілер еді.

– Әкеңіз қандай жан еді?

– Тәуекел деген атымды әкем қойған. Тағдырдың жазуымен әке мен шешем кішкентай кезімде ажырасып кетті. Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы мардымды ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін енесінің алдын кесіп өтпей, сәлемін салады. Тоғызыншы сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім.  Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Маған үнемі «оқы, келер заман – білімділердің уақыты» дейтін. Расында, қазір – білектің емес, білімнің заманы. Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын. Кейде өз ойымды жасырып, үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді. Бірақ ішімде бір қайсарлық бар екенін сеземін. Әкемнің көзін көрген жұрт «бұл –Сабырдың ұлы ғой, тектінің көзі» деп жатады. Әке атына лайық болсам деймін.

Ая Өміртай

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева өзіне тап берген бойжеткен туралы айтып берді

Қазақтың үш асыл ұлы бір әйелге ғашық болған

Айсәуле Бақытбек енді күшігінің тырнағына маникюр жасата бастады (фото)

Қытайлық фанаттар үйлерінің сыртына Димаштың атын жаздырып алған

Талқылау