"Мейірімді екеніңіз көрініп тұр". Бақытбек Есентаев өзін іздеген кішкентай қызбен кездесті
Танымал продюсер Баян Алагөзованың экс-күйеуі Бақытбек Есентай өзін іздеген жасөспірім қызбен жолықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бақытбек Есентай әлеуметтік желіде кездесу барысында түскен суреттермен бөлісіп, қызға ақжарма тілегін арнады.
“Тәтті қыз Аянамен және оның ата-анасымен жақсы кездесу болды. Аяночка, алға қойған мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін. Сенімен кездескеніме қуаныштымын”, – делінген жазбада.
Желіде жарияланған суреттерден кездесуге Аянамен бірге ата-анасы және Бақытбектің қарындасы Нағима Есентайдың келгенін көруге болады.
Еске сала кетейік, Аяна кішкентай кезінде өзіне көмектескен ағасына алғыс айту мақсатында Бақытбек Есентаймен кездескісі келіп, оған іздеу салған.
Желі қолданушылары да Бақытбектің бұл әрекетіне сүйсініп, пікірлерін жарыса жазды.
“Ағалық қамқорлық балаға баға жетпес байлық қой”, “Жарайсыз Бақытбек мырза. Сіздің сондай мейірімді, жанашыр, көпшіл екеніңіз көрініп тұр”, Еселеп қайтсын”, “Өзіңізге жақсы әйел жолықсын”, “Нағыз ер азаматсыз”, “Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын”, – деп жазып жатыр оқырмандар.