Татарстанда оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім әйелге үкім шықты
Татарсанда 15 жастағы өз оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталған мұғалім келіншек үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Сонымен қатар, әйел алты жыл уақыт бойы педагогикалық қызметпен де айналыса алмайды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Румия Хусаинова өзінің 16 жасқа толмаған оқушысымен (қыз) лесбияндық қатынасқа түскен. Тергеу дерегі бойынша, 2016 жылдың маусым айынан бері ол төрт мәрте төсек қатынасында болған.
21 тамыз күні кезекті жақындасу кезінде қыздың бойынан қан кетіп, ол бірнеше сағат бойы тоқтамаған. Бұдан кейін жасөспірім бірден ауруханаға жеткізілген.
Оқи отырыңыз:
Құранды сүйген Беларусия президенті сынның астында қалды
9 жасар бала өзінің 11 айлық інісін құтқарып қалды (видео)
Қытайда робот адамға шабуыл жасады
Мұсылман қыздың Трампқа айтқан жауабы ғаламторда қызу талқылануда
Талқылау