Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Тастары жалтырап тұр": Гүлзира Айдарбекова туған күніне алған сыйлықты көрсетті

Фото: Видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова туған күніне келген сыйлықты көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жаңа жасын Вьетнамда қарсы алған еді. 

“Туған күнім өтіп кетсе де, сыйлықтар келіп жатыр. Биыл туған күнімді тойламаймын деп шетелге кетіп қалған едім. Қаншама адамға салмақ, келу үшін билет алады, туған күнге келе жатқасын беретін сыйлығы бар. Бәрі қыруар ақшаға кеп тіреледі. Бірақ бәрібір де жақындарым сыйлық беріп жатыр. Айгүл сіңлімнің таққан бриллиант жиынтығы. Тастары жалтырап тұр. Өзіме қатты ұнады. Камера сұлулықты жеткізе алмай тұр”, – деді продюсер. 



Еске салайық, арт-менеджер Вьетнамдағы вилласын көрсеткенін жазған едік. 

“Замандас сіңлі әрі құрбыларым және кіші құдағиыммен Вьетнамдағы вилламызда демалып жатырмыз. Қашан да ыңғайлы демалыс орнын таңдап беріп жүрген Рашида сіңліме алғысым шексіз. Керемет жер екен. Әрқайсысымызда бір-бірден жатын бөлме бар!”, – деген еді продюсер. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 16:56
Талқылау