Ташкенттегі жеті тонна палау дайындау шарасы даумен аяқталды (фото, видео)
Ташкенттегі Гиннес рекордтар кітабының өкілдерінің қатысуымен әлемдегі ең көлемді палауды әзірлеу шарасы шумен аяқталды.
Бұл туралы Ц-1 хабарлайды.
Шара жұма күні өткеніне қарамастан, оған 70-80 мың адам келген. Тәртіп сақшылары келушілерді ұстап тұра алмай, әзер ие болған.
Ұйымдастырушылар тарапынан тегін су мен тамақ тез таусылып қалады. Тіпті биодәретханалар да жетіспейді. Адамдардан жәй тұрып қарағаны үшін ақша талап етілген. Жағдайды төбеде шақырайған күннің ыстығы да қиындата түсіпті.
Ал кешке жақын палау дайын болып, таратылатын кезде адамдар ең бірінші болып дәм татуға ұмтылып, жағдайдың соңы айқай-шуға ұласқан. Оқиғаны әлеуметтік желіде де қызу талқылаған көрінеді.
Бірі өз халқы үшін ұялатынын айтса, бірі бұл ұйымдастырушылардың қателігі деп санайды.
Оқи отырыңыз:
ИЫҰ бас хатшысы: Исламофобиямен ғылымның көмегімен күресу қажет
Үндістанда жеті тісі бар сәби дүниеге келді (фото)
Көп қабатты үй құлады: «Ирма» дауылының қорқынышты видеолары тарады