Ташкентте белгісіз топ Қазақстан банкінің филиалынан 90 мың доллар ұрлап кеткен

Өзбекстанда Tenge Bank-тің (Қазақстанның Халық банкінің еншілес құрылымы) Ташкенттегі филиалынан ірі көлемде ақша ұрланған алаяқтық схемасы әшкереленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбекстан ІІМ мәліметінше, қаскөйлер POS-терминалға жалған мәліметтер енгізіп, кейін банктен 90 мың АҚШ долларын қолма-қол алған.
Құқық қорғау органдары тоғыз күдіктіні ұстады. Олардың бірі бұл схеманы Telegram-нан тапқанын, оны зерттеп, банк қызметкерімен келісіп, терминал бағдарламасын алаяқтыққа бейімдегенін мойындады.
Тінту кезінде күдіктілерден 12 телефон, бір POS-терминал және 36,5 мың доллар қолма-қол ақша тәркіленді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды