Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)

Мақпал Жүнісова Ташкент қаласына сапары барысында Өзбекстанның халық әртістерімен дуэт айтып, жұртты таңдай қақтырды. Халқымыздың ерке қызы «Ялла» тобының әншісі, атақты Фарух Закировпен бірге «Құстар әнін» шырқады. Сондай-ақ, көрші елдегі әріптесі Юлдуз Усманованың қошеметіне ие болды, деп жазады Stan.kz.

Өзбекстанның примадоннасы атанып кеткен Юлдуз Усманова нағыз әртістің халық игілігіне жұмыс істейтінін атап өтті. Ол талант пен халық махаббатының Жаратқаннан берілетінін алға тартып, Жүнісованы бақытты әншілердің қатарына қосты.

«Қош келдіңіз, Мақпал ханым. Неше жылдан бері достығымыз жалғасып келеді. Гастролде, қайда көріп қалсам да Мақпал ханымға айтып жүремін: Кім не десе де, Алла талант пен халықтың махаббатын берсе, ол – хақ. Бұл ең бастысы. Сіз ән айтқанда есіктің сыртында соңына дейін тыңдап әрі масаттанып тұрдым. Халқы үшін қызмет ететін адам ешқашан қор болмайды, ал арнайы біреулер үшін ән айтатын адам тез сынып қалады. Себебі адамдар оны қаласа тыңдайды, қаламаса тыңдамайды. Халықтың әншіге берер дүниесі болмауы мүмкін, есесіне халық әрқашан әртіске риясыз махаббатын сыйлайды. Ең бастысы сол», – деді қазақтың ерке қызын жоғары бағалаған Усманова.


Жіберіп алмаңыз:

Орысша ән айтқан Сәкен Майғазиев көпті таңғалдырды (видео)

Қуандық әйгілі “Болайық бірге” әнін енді Ерке Есмаханмен орындап жүр (видео)

Лондон төрінде “Қара жорға” билеген Тәуекел Мүсілім жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды

Талқылау