Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкент метросындағы даулы пранк: Қазақстандық блогер әрекеті үшін жауапқа тартылды

ТАшкентте пранк жасаған қазақстандық блогерді полиция шақыртты

Фото: Видео кадрларынан скрин

Қазақстандық блогер Аружан Айбекованың Ташкент метросындағы пранкінен кейін оны Алматы полициясы шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция департаментінің мәліметінше, іс материалдары сотқа жіберілген.

"Ол Өзбекстан метросында жүріп, жолаушыларға әдейі тиіскен. Оқиғаны видеоға түсіріп, өз парақшаларында жариялаған. Осы әрекеті үшін оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", – деп мәлімдеді ведомство.

Полицияның айтуынша, блогер бұған дейін де осындай әрекет жасап, ескерту алған. Бірақ тиісті қорытынды шығармаған.



Айта кетейік, Аружан Айбекованы Instagram-да 1,1 миллионнан астам адам оқиды.

Еске салсақ, осыған дейін Қытай полициясы пранк түсірген қазақстандық блогерге қатысты тексеріс бастағанын жазғанбыз. Кейіннен блогер Қытайда түсірген пранк үшін көпшіліктен кешірім сұраған еді. Алайда кейін дәл осы әрекетімен Ташкентте көзге түсті. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 16:41
Талқылау