Тарихи жетістік: Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінен сүрінбей өтті
Фото:Kff_team
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде тарихи жетістікке қол жеткізді. Жас қырандар шешуші ойында Албанияны 2:1 есебімен жеңіп, алғаш рет плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойынның басынан-ақ Қазақстан құрамасы белсенділік танытты. Есепті 15 жастағы Роман Черноморец ашты. Кейін "Қайрат" клубының жас шабуылшысы Абылай Жылқайдар нәтижені еселей түсті.
Албания сапында Еуропаның танымал клубтары академияларында тәрбиеленіп жүрген футболшылар өнер көрсетті: "Интерден" – екі, "Тоттенхэм", "Фиорентина", "Болонья", "Торино" және "Эмполи" клубтарынан бір-бір ойыншыдан алаңға шықты. Қонақтардың жалғыз голын "Тоттенхэм" футболшысы Элсон Хималлари соқты.
Матч нәтижесі:
Қазақстан – Албания – 2:1
21’ – Роман Черноморец (1:0)
58’ – Абылай Жылқайдар (2:0)
76’ – Элсон Хималлари (2:1)
90+5’ – Арменд Муслика (есеп өзгеріссіз қалды)
Іріктеу кезеңіндегі алдыңғы матчтарда Қазақстан бірінші турда алаң иелері Хорватияны 2:1 есеппен жеңген. Ал екінші ойында Нидерланд құрамасынан 1:4 есебімен ұтылған. Айта кетейік, Хорватияның U-17 командасы бұған дейін-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған болатын.
Еуро-2026 U-17: іріктеу форматы
А лигасы
• 28 команда 7 топқа бөлінеді
• Әр топтың жеңімпазы Эстонияда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады
• Егер алаң қожайыны Эстония өз тобында бірінші орын алса, қосымша – сегізінші жолдама ең үздік екінші орын иегеріне беріледі
В лигасы
• Негізгі кезеңдегі топтарда 3 және 4-орын алған командалар келесі маусымда А лигасына көтерілу үшін өзара сынға түседі
Бұл жүйе ересектер арасындағы Ұлттар лигасының форматына ұқсас, тек жастар санатында екі дивизион ғана қарастырылған
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр