Тарихи матч: Бүгін “Қайрат” грекияның “Олимпиакосына” қарсы ойнайды
Фото: Stan.kz collage
Бүгін Чемпиондар лигасының 6-турында алматылық “Қайрат” Астана аренада гректің “Олимпиакосын” қабылдайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұл ойын екі команда тарихындағы алғашқы ресми матч болмақ. “Қайрат” бұған дейін Грекия клубтарымен ресми ойын өткізіп көрмеген.
“Олимпиакос” Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне 21-рет жолдама алып отыр. Соңғы рет 2020/21 маусымында қатысқан. Алайда сол кезеңнен бері олар топтан шыға алмай келеді. Ал өткен маусымда грек ұжымы Еуропа лигасының 1/8 финалында “Будё/Глимтке” жол берген еді.
Ресми деректер:
“Қайрат” 5-турда “Копенгагеннен” 3:2 есебімен жеңілген. Еурокубоктардағы жеңіссіз сериясы сегіз ойынға ұзарды (3 тең, 5 жеңіліс).
• Қайраттықтар биылғы маусымда өз алаңындағы алты матчтың біреуінде ғана жеңілген (4 жеңіс, 1 тең), сондай-ақ бес ойында қақпаларына гол жібермеген.
• Дастан Сатпаев Дания қақпасына соққан голымен Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соққан ең жас үш ойыншының қатарына енді (17 жас, 106 күн).
• Бұған дейін өз алаңында “Реал Мадридтен” 3:4 есебімен ұтылған “Олимпиакос” топтық кезеңдегі соңғы 25 матчтың тек екеуінде жеңіске жеткен (4 тең, 19 жеңіліс). Олар 2020 жылдың 21 қазанында “Марсельді” 1:0 нәтижесімен жеңгелі бері он ойын қатарынан (2 тең, 8 жеңіліс) үш ұпай ала алмай жүр.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады

