Тәрелкеден секіріп кеткен балық мейрамхана қонақтарының зәресін алды (видео)
Қытай мейрамханаларының бірінде әзірленген балық тәрелкеден секіріп кетіп, келушілерді шошытып жіберді.
Бұл туралы The Daily Mail-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мейрамхана келушілеріне пияз және соя тұздығымен дәмделген камбала берілген. Балықтың дәмін татпақшы болған қонақтар оның құйрығының қозғалғанын байқаған. Қонақтардың қарай қалғаны сол еді, екі секунд ішінде балық тәрелкеден үстелге секіріп кетті. Мұндайды көрмеген келушілер шошығандарынан ыршып түсті.
Хабарламаға сәйкес, тамақ пісіру жылдамдығы жоғары болғандықтан, балықтың жүйке жүйесі сыртқы әсерлерге біраз уақыт жауап бере алады.
Тағы оқыңыз:
Әлемдегі ең бай адам ақша жұмсауды білмейтінін мойындады
Екі жасар бала анасы мен қарындасын құтқарып, өзі ажал құшты
Жұмыссыз әйел байқаусызда 7 мың доллар ақшаны шайпұлға тастап кетті
Талқылау