Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы университеттер көрші елдерден келген мигранттарға жалған құжат жасаған

Таразда ірі оқу орындарының бірінде көрші елдерден келген мигранттарға жалған құжат жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Шетелдіктер жалған құжатпен студент ретінде тіркеліп, бір жыл бойы ел аумағында еркін жүрген. Алайда, студент ретінде тіркелгендер құрылыста жұмыс істеген.

Дулати атындағы Тараз университетінде Өзбекстанның 19 азаматы студент ретінде тіркелген. Шетелдіктердің барлығы қаладағы құрылыс алаңдарында жұмыс істегені анықталды. Шын мәнінде олар студент болмай шықты. Мигранттарды заңдастырудың осындай схемаларын Тараздағы бір емес, бірнеше оқу орындары қолданған. Тәжікстаннан тағы алты азаматы басқа университеттер мен колледждерге оқуға түскен. Дегенмен, олар сабаққа бармағаны үшін оқудан шығарылды.


Алматы әуежайында жалған құжатпен өтпек болған екі шетелдік ұсталды


Дулати университетіне мигранттарды тіркеген қызметкер ұсталды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әрекетсіз деп танылған көші-қон қызметінің қызметкерлері де жазаланды.

"Мониторинг барысында уәкілетті орган тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған 180 шетелдік анықталды. Осылайша, еңбек мигранттарының кедергісіз тұруына және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде заңсыз тіркеудің күші жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – дейді Тараз қаласы прокуратурасының прокуроры Асылхан Әбітбеков.

Еске салсақ, осыған дейін желіде алаяқтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған парақша ашып, құжат жасағаны туралы жазғанбыз.

Талқылау