Таразда жол апатына ұшыраған жүргізуші 2 жасар баланы көлікте тастап қашып кеткен
Тараз қаласында көлікті тізгіндеген ер адам жол апатына ұшырап, екі жасар баланы көліктің ішінде қалдырып, қашып кетіпті. Полиция ер адамды таба алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға қаланың шеткі көшелерінің бірінде орын алған. «Мазда» көлігін тізгіндеген ер адам үйдің алдындағы бағанаға соғылған. Салдарынан көліктің алдыңғы жағы жапырылып қалып, бетон қисайып кетіпті. Ал апатқа ұшыраған жүргізуші екі жасар баланы көлікте қалдырып, ізін суытқан.
Белгілі болғандай, бүлдіршінді тастап қашып кеткен ер адам оның туыс ағасы екен. Абырой болғанда, апат салдарынан бала зардап шекпеген. Дәрігерлер оны тексеріп, ата-анасына табыстады.
Бүгінгі таңда полиция 29 жастағы жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылыпты.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"