Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жоғалған сарбаз: Біреулер хабарласып ұлымыздың қол-аяғын байлап ұстап отырғандарын айтты

Тараздағы 21/ 450 әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз табылмай жатыр! Әскерге өткен жылы Атырау облысынан шақырылған 19 жастағы Жанболат Бозбанов 21 қаңтарда кешкілік түгендеу кезінде жоқ болып шыққан, деп хабарлайды КТК.

Сарбаз 4 күннен бері не тума-туыстарына, не әскери бөлімге хабарласпаған. Бауырларының сөзіне сенсек, жасырын нөмірден телефон шалған біреулер Жанболаттың қазір қауіпті жағдайда екенін айтыпты.

“Ініңізді келіп алып кетіңіз, 3 күннің ішінде деді.  Қол-аяғы байлаулы, аузын жіппен тартып тастап жертөледе ұстап  отырғанын айтты.  Жанболатты алып қалып жатыр, жәбірлеп жатыр деп телефон соғады”, – дейді Бозбановтың әпкесі Айнұр Омарова.

Туыстарының айтуынша, Жанболат осы уақытқа дейін ешқандай шағым айтпаған. Жоғалардан бір күн бұрын кешкілік анасына телефон шалып, жағдайының жақсы екенін, өздерінің полигоннан келіп жатқанын айтқан. Ал ертеңіне әскери бөлімнен телефон шалғандар, сарбаздың жоғалып кеткенін хабарлаған. Қазір Жанболатты іздеуге ағасы мен жездесі Жамбыл облысына жеткен. Әскерилердің де әзірге айтары жоқ көрінеді. Ал, жалпы, мұндай жағдай 2010 жылдан бері алғаш рет тіркеліп тұр екен.

“Іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Бозбановты іздестіру жалғасуда. Оның туысқандарымен ұдайы байланыстамыз”, – ҚР Қарулы күштерінің әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Балықбаев.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстауда әкімнен таяқ жедім деген тұрғынның өзі бәлеге қалды

Кешір, ұлым: Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналистің атынан өлең жазып жұртты жылатты

 

Талқылау