Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда Тәуелсіздік күні жарақат алған сарбаздың анасы қала әкімдігін сотқа бермек

Таразда Тәуелсіздік күні жарақат алған сарбаздың анасы қала әкімдігін сотқа бермек. Әділдік іздеген ана құлаған жарнама тақтайшасы желден емес, жауаптылардың салғырттығынан деп санайды. 16 желтоқсан күні мерекеге орай өткізілуі тиіс концертте аумағы алты құлаш сахна декорациясы 4 адамды басып қалған болатын.

таразззз

Бұл туралы 31 арна жазды.

Ұйытқи соққан желден аумағы алты құлаш баннер төрт адамды басып қалған еді. Оның үшеуі 5513 әскери бөлімінің сарбазы, бір адам қала тұрғыны. Қара құсқа тиген соққыдан зардап шеккендердің бірі Юрий Дылюк 17 сағат комаға түсіп, әзер дегенде беті бері қараған болатын.

Анасы бір жарым айдан бері ем алып жатқан баласының денсаулығы әлі мәз емес,- дейді. Ұлым мүгедек болып қалуы мүмкін деген ана бұған мерекелік шараны ұйымдастырушы әкімдікті айыптайды.

«Бұған жауапты адамдар жазасыз қалмауы керек. Ал шенділер мәселені жылы жауып қойғанды қалайды. Ұлымның денсаулығын толық қалпына келтіріп берсін»,-дейді Юрий Дылюктың анасы Любовь Марьясова.

Жайсыз хабарды ести сала Ақмоладан жедел жеткен ана бір жарым айдан бері Таразда. Есі кіресілі-шығасылы ұлының жағдайы жақсармай қайтпауға бел буған. Келген бетте әкімдік көмекті үйіп – төгетінін айтыпты.

Алайда шу басылған соң айтқандарынан айнып кетті,- дейді. Ал әскери борышы аяқталуына небәрі алты -ақ күн қалған Юрийге әлі әскери дәрігерлік комиссиясының шешімі шықпаған. Өмірін осы саламен сабақтастырғысы келген Юрий енді мұнда да көп жатпайтын сыңайлы. Межелі уақыты 22 желтоқсанда аяқталған оны енді үйіне шығарып жібермек,- дейді анасы.

«Қала әкімдігіне хат жаздым жәрдем сұрап. Екі апта болды үнсіз. Тергеу барысымен де таныса алмай отырмын. Прокуратураға да хат жазып қойдым»,-дейді Юрий Дылюктың анасы Любовь Марьясова

Ал ақжағалылар жәрдем сұраған жәбірленушіні жарылқайтын жағдайымыз жоқ деп ағынан жарылды. Бұл мәселеге енді әскери бөлімі бас ауыртсын деп сонда сілтеді.

«Мүмкіндігінше көмек көрсетілді. Енді арғы қарайғы тірлік барлығы заңды түрде жаңағы әскери бөлім тарапынан»,-дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай.

Әкімдіктің мүмкіндігінше деген көмегі 20 күндік пәтер ақы және анасының жол кіресін есептегенде елу мың теңгенің ар жақ бер жағы. Ал Юрий әлі алты айлық емдік курстан өтуі тиіс. Анасы әскери борышы аяқталған ұлын жергілікті жерде емдейтін маман да, мүмкіндік те жоқ дейді.

Әкімдік арнайы Астанада емдетіп берсін деп тілейді. Ал жәрдем сұрай жазған хаты әкімдіктің кеңсесінен әкімнің кабинетіне әлі жетпепті. Болған жайтты ақжағалылар тағдырға балайды.

Оқи отырыңыз:

Таразда алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан сарбаздар марапатқа ұсынылмақ

Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты

Жамбылда сәбиін әжетханаға тастап жіберген келіншек мерзімінен бұрын түрмеден шықты

ОҚО-да ерлі-зайыптыларды 5 ай бойы құлдықта ұстап, сатып жібермек болған (фото)

 

 

Талқылау