Таразда үлкен өрт болды: Базардағы сауда бутиктері мен асхана жалын ортасында қалды
Тараздағы құтқарушылар "Береке" базарындағы ірі өртпен күресуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тілсіз жау туралы дабыл таңғы сағат 07:52-де түскен. Тараздағы Мәмбет батыр көшесіндегі "Береке" базарының асханасы мен сауда бутиктерінде өрт шықты.
"Оқиға орнына бөлімшелерден 56 қызметкер мен 13 техника бірлігі күштері жіберілді. Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт сағат 08:30 - да оқшауланды, өртті толық өшіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.
Өрттен жапа шеккендер жоқ. Алаудың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.