Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

Таразда ішімдікке сылқия тойып алған жолаушы автобустың жүргізушісіне пышақ ала жүгіріп, оны жаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға болға сәтте түсірілген видео Aulieata media парақшасында жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы автобустың жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан, жүргізушіден автобусты тоқтатпай, жүргізуін талап еткен. Олардың арасында жанжал туындап, кейін төбелеске ұласқан. Төбелес барысында 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісін пышақпен жарақаттады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.
“Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жқамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамның жағдайы әзірге белгісіз.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік