Таразда аялдамада тұрған қызды күштеп алып қашқан үш күдікті қамауға алынды

Фото: Желі кадрларынан скрин
Таразда күндіз аялдамада тұрған қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кеткендерге "Адам ұрлау" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысының полиция департаменті "Адам ұрлау" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Тараз қаласында қызды ұрлау фактісі бойынша полиция қылмыстық кодекстің 125-1-бабы – “Неке қиюға мәжбүрлеу” бойынша қылмыстық іс қозғады. Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу нәтижесінде барлық қатысы бар тұлғаларға заң аясында нақты құқықтық баға беріледі. Аталған бап – қылмыстық заңнамаға енгізілген соңғы жаңартулардың бірі. Сол себепті оның қолданылуы бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр. Ішкі істер органдары неке қиюға мәжбүрлеу және азаматтардың жеке бостандығына қарсы кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтататын болады”, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Еске салсақ, Таразда күндізгі уақытта аялдамада тұрған қызды күштеп алып қашқаны туралы хабарлаған еді.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?